Шавкат Рахмонов M-1 Challenge чемпионы атанды

0
1 071

Аралас жекпе-жекте 11 рет кездесу өткізіп, барлығында жеңілістің ащы дәмін татпаған Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта M-1 Challenge жеңімпазы атанды.


Шавкат Рахмонов M-1 Challenge чемпионы атанды

ERNUR.KZ Қазақстандық аралас жекпе-жектің (ММА) спортшысы Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта M-1 Challenge чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Титулдық жекпе-жек Алматыда M-1 Challenge 101 халықаралық турнирі аясында өтті. Қазақстандық спортшы чемпиондық белбеу үшін Ресейден келген Данил Приказамен жұдырықтасты.

Жекп-жектің екінші раундында отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандық 11 айқаста 11-ші жеңіске жетті.