Шымкентте шорт-тректен өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде еліміздің 6 аймағынан спортшылар қатысып жатыр.
ERNUR.KZ Жастар және жасөспірімдер арасында жалауын көтерген жарысқа еліміздің 6 аймағынан командалар келген. Атап айтсақ, Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Шымкент қаласының спортшылары - деп хабарлайды Оtyrar.kz
Ел үздіктерін анықтау үшін басталған жарыс келесі жұмаға дейін жалғасады. Айта кетейік, жарыста 200-ге жуық жеткіншек өзара мықтыны анықтайтын болады.