Швеция құрамасы екінші жыл қатарынан хоккейден әлем чемпионы атанды

0
1 202

Экстра таймда командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Тек буллиттер сериясында швециялықтар мергендік танытты. Шешуші соққыны Филип Форсберг жасады.


Швеция құрамасы екінші жыл қатарынан хоккейден әлем чемпионы атанды

фото: © AFP 2018 / LISELOTTE SABROE

Хоккейден әлем чемпионатының финалында Швеция құрамасы Швейцария командасын буллит орындауда жеңіп кетті.

Копенгагенде жексенбі күні өткен кездесу 3:2 (1:1, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0) есебімен аяқталды. Негізгі уақытта Нино Нидеррайтер (17-минут) мен Тимо Мейердің (24-ші) голы Швейцария командасын алға шығарды. Алайда овертаймда Густав Нюквист (18-ші) пен Мика Зибанежад (35-ші) есепті теңестіріп кетті.

Экстра таймда командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Тек буллиттер сериясында швециялықтар мергендік танытты. Шешуші соққыны Филип Форсберг жасады.

Шведтер қатарынан екінші жыл және ел тарихында он бірінші рет хоккейден әлем чемпионы атанды. Бірде-бір рет әлем чемпионатын жеңбеген швейцариялықтар үшінші рет күміс жүлдегер атанып отыр.

Канада құрамасын 4:1 есебімен жеңген АҚШ командасы үшінші орынды иеленді.