​Шымкент футболшылары Еуропаны бағындырмақ

0
2 171

Шымкенттегі чемпионатта бақ сынап жатқан командалардың жеңімпаздары Қазақстан чемпионатында қатысатын болады


​Шымкент футболшылары Еуропаны бағындырмақ

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 21 шілде күні Əуесқой футбол лигасының 19-тур матчтары басталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тлшісі.

Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан "Толағай" мен "Айжарық" арасындағы ойын тартысты өтті. Бірінші таймда қос команда футболшыларында гол соғу үшін бірнеше рет мүмкіндік болды. Бірақ, алғашқы таймда есеп ашылмады.
Үзілістен соң, "Айжарық" командасы қатарынан екі гол соқты. Ал, қарсыластары намысқа тырысып бір голдың қарымтасын қайтарды. Матч соңында "Айжарық" ұжымы тағы бір гол соғып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы орайда айта кетсек, биылдан бастап Шымкенттегі чемпионатта бақ сынап жатқан командалардың жеңімпаздары Қазақстан чемпионатында қатысатын болады. LLF, яғни, Əуесқой футбол федерациясының президенті Талғат Əмірбековтің айтуынша, алдағы мақсат - Шымкент командаларын Еуропа кубоктарына алып шығу.
Осы орайда футболшылар Қазақстан чемпионатында барын салып жеңімпаз атануды жоспарлап отыр. Ел чемпионатының финалдық ойындары қырқүйек - қараша айларында өту жоспарлануда. LLF президенті Талғат Əмірбековтың мəліметі бойынша, ойындар Шымкентте өтуіде мүмкін. Қазіргі таңда лига басшылары ойындарды қаламызда өткізу үшін əрекетті бастаған.
Айта кетейік, өзге ойындардың нəтижелері: "Нурсат" - "Болашақ" - 2:4, "REAL - Шымкент" - "FC Dostar" - 4:3.