Шымкентте алғаш рет желкенді спорттан Қазақстан кубогы басталды. Бір жеті өтетін жарысқа қазақстандық спортшылар мен бірге Өзбекстаннан да, жалпы 70 ге жуық яхташылар келген,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайыстар "Бадам" су қоймасында өтеді. Турнирдің ашылу салтанатында байдарка және ескек есу федерациясының президенті Денис Жәрменов пен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Мақсұт Нарбаев қатысты.
Айта кетейік, олимпиадалық ойынға кіретін желкенді спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. 2018 жылы Шардарада желкенді спорттан бөлім ашылды. Осылайша ұйымдастырушылар алдағы уақытта айтулы спорт түрінен чемпиондарды тәрбилеу ниетінде. Сондай ақ, мамыр айында "Бадам" су қоймасында ескек есу спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді.