Жалпы командалық есепте 39 медаль жеңіп алды.
Шымкенттік мергендер Қазақстан Республикасының V-Жастар спорт ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
7-14 наурыз аралығында ұйымдастырылған жарыста 2001 жылы туған және одан жас спортшылар бақ сынады.
Жалпы командалық есепте Шымкент қаласының құрама командасы 39 медаль жеңіп алды, оның ішінде 19 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль иеленген.
Жалпы командалық есепте II-орын иегері Алматы қаласының құрама командасы 43 медаль жеңіп алды, оның ішінде 14 алтын, 19 күміс және 10 қола медаль иеленді. ⠀
Жалпы командалық есепте III-орын егері Нұр-Сұлтан қаласы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 күміс және 5 қола медаль. ⠀
Спорттық сайыстарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Барлық спортшылар мен нысандағы қызметкерлер теріс нәтижемен ПТР (Covid-19) анықтамаларын ұсынды.