Шымкенттің "Қыран" футбол клубы 4 минуттың ішінде жеңісті жіберіп алды (фото)

0
3 460

Бірақ, қалған 4 минутта «Қыран» футболшылары жеңісті ұстап қала алмады. 89 – минутта Магамед Узденов қарсыластарының қақпасына екінші рет гол соқты. Осылайша Магамед Узденов ойында қос команданың қақпасына жалпы 3 гол соқты.


Шымкенттің

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан кубогының іріктеу матчтары басталды. «С» тобының ойындары Шымкенттегі «Намыс» стадионында өтеді. Бұл топта жергілікті «Қыран», Ақтаудың «Каспий» және Астананың әуесқой №8 футбол командалары ойнайды.

Алғашқы кездесу «Қыран» мен Ақтаудың «Каспий» ұжымы арасында өтті. Матч белгіленген уақыттан 10 минутқа кешігіп басталды. Себебі, ойынға жауапты жедел жәрдем кешігіп келді. Бірінші таймда «Қыран» футболшылары оң қапталдан шабуылдар ұйымдастырып, ойын басында есепті ашуға тырысып бақты. 11 – минутта бұрыштама добынан соң «Каспий» қорғаушысы Магамед Уздеков күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып алды.

Үзілістен соң стадионға жиналған жанкүйерлер 5 голға күә болды.

59 минутта өзбекстандық Данияр Исмаилов басымен гол соғып есепті 2:0 ге жеткізді. 66 – минутта қонақтардың алғашқы голын Магамед Узденов өз атына жаздырды. 86 – минутта «Қыран» футболшылары үшінші голын соқты. Бұл жолы Максим Фильчаков есепті 3:1 ге жекізді.

Бірақ, қалған 4 минутта «Қыран» футболшылары жеңісті ұстап қала алмады. 89 – минутта Магамед Узденов қарсыластарының қақпасына екінші рет гол соқты. Осылайша Магамед Узденов ойында қос команданың қақпасына жалпы 3 гол соқты. 92 – минутта есепті теңестіру үшін «Каспий» командасының қақпашысы шабуылға шықты. Бұл жемісін берді - Абай Елемесов «Қыран» қақпасына маңызды голды соғып, есепті теңестіріп кетті – 3:3.

2 – турда «Каспий» командасы 22 наурыз күні Астананың әуесқой №8 футбол командасына қарсы ойын өткізеді.