Азия ойындарында ерлер командасы аралас эстафетада финалға шықты
ERNUR.KZ. Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан ерлер командасы 4х100 метрге жүзуден аралас эстафетада финалға шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада Қазақстан ерлер командасы 4х100 метрге жүзуден аралас эстафетада іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады.
Эстафетада Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай және Александр Варакин қорғауда. Қазақстан өз тобында 3:38.57 уақыт көрсеткішімен екінші орын иеленсе, жалпы есепте Жапония мен Қытай командаларынан кейінгі үшінші орынға жайғасып, финалдық кезеңге өтті.