Теннисші Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

0
817

Қазақстандық спортшы 2022 жылдың желтоқсанында үстел теннисінен әлем чемпионы атанған еді.


Теннисші Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

ERNUR.KZ. Қарағандылық теннисші Алан Құрманғалиев жасөспірімдер арасындағы жаңартылған рейтингте жоғары көтерілді, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық спортшы 2022 жылдың желтоқсанында үстел теннисінен әлем чемпионы атанған еді. Сонымен қатар рейтингте жоғары көтерілуіне Португалияда өткен WTT Youth Contender сайысында қос алтын медаль алуы да себеп болған.

Жаңа әлемдік рейтингте Құрманғалиев 17 жасқа дейінгі спортшылар рейтингінде 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Ал 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында 22-орыннан бірден 12-орынға көтерілді.