Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды

0
603

Матч биылғы 15-16 немесе 17-18 қараша күндері өтеді.


Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды

ERNUR.KZ. Ұлыбритания астанасы Лондонда Билли Джин Кинг кубогі плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады inform.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, іріктеу кезеңіне өту үшін қазақстандықтар Астанада Оңтүстік Корея командасымен ойнайды.

Матч биылғы 15-16 немесе 17-18 қараша күндері өтеді.

Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Жапонияға жол беріп, командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмаған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакинаның ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды.

Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінде әлемнің 4-ракеткасына жол берді.