Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің 1/2 финалына шықты

0
350

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасын ұтты.


Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің 1/2 финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасын ұтты.

Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.

Екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.

Ертең, 5 мамыр күні Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен таласады. Олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.

Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу турнирінің ширек финалында Тайбэймен ойнайтынын жазған болатынбыз.