"Тіреуіш 4 рет сынды": Токио Олимпиадасының қатысушысы Милад Карими елдегі гимнастикалық залдар туралы айтты

0
656

Жақында гимнаст өзінің Instagram парақшасына қоғам арасында үлкен дау туғызған видео жариялаған.


ERNUR.KZ. Соңғы өткен Олимпиада ойындарында үш бірдей спорт түрінен финалға шыққан Милад Карими гимнастиканы бүкіл спорт түрлерінің негізі деп санап елімізде спорт алаңдары көптеп салынады деген сенімін білдірді, деп жазады Stan.kz.

Жақында гимнаст өзінің Instagram парақшасына спортшылардың бірінің жаттығуы кезінде тартыну белтемірінің жұлынып кеткен сәті бейнеленген жазба жариялаған. Карими өзі түсірдіргендей, ол бұл видеоны қазақстандық гимнастискада барлығы нашар екенін көрсету үшін емес, оқиғаны қалай болды солай жеткізгенін айтады. Және бұл жағдай қоғам арасында үлкен дау туғызады деп күтпегенін де жасырмады.




"Шындығына келгенде спорттық алаңдармен мәселелер жоқ емес, өйткені Қазақстанда тек екі жақсы зал бар, олар Алматыда орналасқан. Негізінде бұл залда ұлттық құрама жаттығады, себебі мұнда жабдықтар басқа аймақтарға қарағанда жасырақ.

Гимнастикада спорттық турникеттерде жаттығу кезінде бірнәрсе сынып немесе шығып кететін сәттер болып тұрады. Мен қоғам арасында мұндай дүрбелеңді күтпедім, алайда тіректің төрт рет сынуы бұл мәселе жөнінде ойланудың артық етпейтінін көрсетеді. Шамамен тірек жылына бір рет құлайды, мен жаттығу жасаған кезде де құлаған кездері болды. Мен Оңтүстік Корея елінде спорттық алаңда болған кезімде қатты таңқалдым, ол жақта жаттығу кешендері өте көп, бір түймені басып қалсаңыз платформа өзі көтеріліп шығады. Яғни біздегідей төсенішті өзіңмен алып жүрудің қажеті жоқ, нағыз бір болашақ залы дерсің.

Жаттығу залдарына келетін болсақ менің балалық шағымнан келе жатқан арманым бар. Мен Қазақстанда спорттық мектептер көптеп ашылып, балалар спортпен айналысса деймін. Себебі гимнастика – барлық спорт түрлерінің негізі" ,- деді Карими.

Олимпиада ойындарынан кейін спортшы біраз уақытын демалуға арнағысы келеді. Көп ұзамай ол Италиядағы сауықтыру лагеріне аттануы қажет.

"Келесі Олимпиада мен үлкен қиындықтар резервін жасауды жоспарлап отырмын. Сонда кішкене қателік орын алса да финалға жолдама алып жүлде үшін күреске қатыса аламын" ,- деген спортшы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Осыған дейін, Қазақстандық атлетші Милад Каримидің спорт алаңшасындағы жазбасы Қазақстан спортының олқы тұсын көрсетіп бергені туралы жазылған болатын.