«Тобыл» футбол клубы бас бапкерсіз қалды

0
898

Ресейлік маман «Тобылға« маусымның басында келген болатын.


«Тобыл» футбол клубы бас бапкерсіз қалды

ERNUR.KZ. «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев жұмысынан кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай шешім бүгін қабылданып отыр.

«Қостанайлық клубтың тізгінін ұстаған Владимир Газзаев өз еркімен отставкаға кетті. Сонымен қатар, оның көмекшісі Николай Латыш та жұмысын тапсырды. «Тобыл» ФК Владимир Газзаев пен оның бапкерлік штабына алғыс айтады», - дейді клубтың баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ресейлік маман «Тобылға« маусымның басында келген болатын.