Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы аттанды

0
2 383

23 шілде – 8 тамыз аралығында Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді.


Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы аттанды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

10 Шымкенттік спортшы XXXII жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

23 шілде – 8 тамыз аралығында Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Еліміздің үшінші мегаполисінен жарысқа 10 спортшы аттанды.
Оқ ату спорт түрінен - Юрий Юрков, 24 шілдеден 2 тамызға дейін өнер көрсетеді;
Стенд атудан - Зоя Кравченко, 24 шілде - 2 тамыз;
Каратэден - Дархан Асадилов, Юлдашев Данияр, Берульцева Софья, 5-8 тамыз;
Бокстан - Закир Сафиуллин, 24 шілде - 8 тамыз;
Байдарка және каноэ есуден (К-2) - Тимофей және Сергей Емельяновтар, 2-8 тамыз;
Көркем гимнастикадан - Алина Адилханова, 6-8 тамыз;
Дзюдодан - Галбадрах Отгонцэцэг, 24-31 шілде аралығында бақ сынасады.
Сонымен қатар, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары болады. Оған Шымкенттен суда жүзу спорт түрінен Роман Агалаков қатысады. Ол 24 тамыз -5 қыркүйек аралығында еліміздің намысын қорғайды.