Токио Олимпиадасынан келетін спортшылар карантинге жатқызылмайды – ДСМ

0
515

​Дүбірлі додада 97 қазақстандық спорттың 27 түрінен бағын сынайды.


Токио Олимпиадасынан келетін спортшылар карантинге жатқызылмайды – ДСМ

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасынан келетін қазақстандық спортшылар карантинге жатқызылмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«(Токио Олимпиадасынан – автор) келетін спортшылар карантинге жатқызылмайды. Өйткені, олардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алған, ауруға қарсы иммунитеті бар», - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.

Токио Олимпиадасының ашылу салтанатын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.