Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.
ERNUR.KZ. Италияда көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп жазады olympic.kz.
Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8-ші, таспамен өнер көрсетуде 5-ші орын иеленді.
Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогының финалында өнер көрсетті.
Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.
Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.