​Түркістан облысында ұлттық спорт ойындары басталды

0
1 237

Көкпар ойынын Түркістан мен Жамбыл облысының командалары бастап берген болатын.


​Түркістан облысында ұлттық спорт ойындары басталды

31 қазан күні Шымкенттегі орталық атшабарда Мемлекет және Қоғам қайраткері, Социалистик Еңбек ері Асанбай Асқаров атындағы көкпардан XVI, аударыспақтан VI, жамбы атудан II және теңге ілуден I - халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көкпар ойынын Түркістан мен Жамбыл облысының командалары бастап берген болатын. Онда жамбылдықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал, 1 қараша күні ойындарды Алматы қаласы мен Түлкібас көкпаршылары бастап берді. Мұнда түлкібастықтар 1:3 есебімен қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Қызықты ойындардан бірі Түлкібас ауданының "Майлыкент" командасымен Түркістан облысының "Құлагер" ұжымы бақ сынады. Мұнда "Құлагер" командасының шабандоздары 8:1 есебімен жеңіске жетті.