Жеңіс тұғырына көтерілген спортшылардың жаттықтырушысы Дәурен Боранбаев та турнирдің “Ең үздік төрешісі” номинациясына ие болды.
Жетісайдың жас спортшылары желтоқсанның алғашқы күндерінде қоржындарын 4 алтын, 3 күміс, 6 қоламен толықтырды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласында спорттың каратэ-до шотокан түрінен жасөспірімдер мен ересектер арасында өткен Қазақстан кубогі үшін өткен байрақты бәсекеге 16 командада 346 спортшы қатысып, бақ сынады. Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан келген жас спортшылар арасында Жетісай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Сонымен қатар, 1 – 5 желтоқсан күндері Арыс қаласында 2004 – 2005 жылы туылған жасөспірімдер апасында КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына белгілі бапкер Полатхан Абдухмановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде де жетісайлықтар жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Аталмыш турнирге көршілес Өзбекстан, Қырғызстан Республикалары мен Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан 134 спортшы қатысты.
Турнирдің ақтық сайысына шыққан Жетісай ауданының №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 5 салмақ дәрежесі бойынша 1 алтын мен 4 қола медаль иеленді. Жеңіс тұғырына көтерілген спортшылардың жаттықтырушысы Дәурен Боранбаев та турнирдің “Ең үздік төрешісі” номинациясына ие болды.