​Түркістанда «Алпамыс батыр» турнирі өз мәресіне жетті

0
1 898

Облыстық турнирге аудан, қалалардан келген 2004-2005, 2006 жылы туылған сайыпқырандар қатысты.


​Түркістанда «Алпамыс батыр» турнирі өз мәресіне жетті

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Игілік ата» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменқазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен«Алпамыс батыр» турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков, қоғамдық бірлестіктің құрметті президенті, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, «Түркістан» газетінің директор-редакторы М.Дәулетов өрендерге сәттілік серік болсын деген жігерлі сөз айтып,биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.

Тарқатып айтқанда, 36, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, +73 салмақ дәрежесі бойынша белдескен жас балуандардың жалпы саны 160-қа жуық спортшыны құрады.

Бозкілемдегі белдесуқорытындыланып, бірінші, екінші орын иегерлеріне қазақ күресінің спорттық киімі берілсе, үшінші орынға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сонымен бірге, жалпы командалық есеп бойынша 1-орынға Түркістан қаласы, 2-орынға Жаңақорған ауданы,3-орынға Шымкент қаласының балуандары тұрақтады.Үздік үштік атанған командалар арнайы кубоктарға ие болды.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, з.ғ.д. Балғабай Нақыповтың айтуынша «Игілік ата» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен қазақ күресі турнирімен бір уақытта Жаңақорған кентінде жыр мүшәйрасы, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында жасөспірімдер арасында тоқызқұмалақтан турнир өткізілді. Бұл шаралар алдымен қоғамдық бірлестіктіңЖаңақорған ауданы Көккесенеауылындағы Гүлбаршын ана кесенесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен соң бағдарлама бойынша жалғасып жатқан игі шаралар екенін атап өткен жөн.