Түркия волейболшылары тарихында тұңғыш турнир жеңімпазы атанды.
ERNUR.KZ. Кеше Брюссельде (Бельгия) волейболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалы болды. Финалда Түркия және Сербия құрамасы бақ сынасты, деп жазады baq.kz.
Екі құрама арасындағы ойын – 2:3 (27:25, 21:25, 25:22, 22:25, 13:15) есебімен Түркияның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Түркия волейболшылары тарихында тұңғыш турнир жеңімпазы атанса, Сербия спортшылары күміс, Голландия құрамасы қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетсек, турнирге 24 команда қатысты. Әр топтан төрт үздік команда 1/8 финалға өтті. Турнирдің бұрынғы чемпиондары италиялық арулар.