Себастьян Офнер финал жолдамасын отандасы Алексей Попиринмен сарапқа салатын болды
ERNUR.KZ. Теннистен Астанада жалғасып жатқан «Президент кубогының» келесі айналымы қазақстандық Александр Недовесов үшін сәтсіз келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Александр Недовесов австриялық Себастьян Офнерге қарсы кортқа шығып, бірінші сетте 5:7 есебімен ұтылып қалды. Кейін ол жанкүйердің қолдауынан рух алып, қиындықсыз 6:1 есебімен таразы басын теңестірген. Бірақ, соңғы партияда Австрия елінің теннисшісі отандасымыздың қатесін дұрыс пайдаланып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында С.Офнер жартылай финал жолдамасын еншілеп кетті. Матч жалпы 1 сағат 59 минут жалғасты.
Себастьян Офнер финал жолдамасын отандасы Алексей Попиринмен сарапқа салатын болды. Попирин ширек финалда ресейлік Павел Котовты 6:1, 6:4 есептерімен жеңген еді.
Сонымен қатар, қыздар арасында жартылай финалға грузиялық Екатерина Горгодзе, өзбекстандық Сабина Шарипова, чехиялық Мария Боузкова және ресейлік Варвара Флинктер жолдама алды.