Халықаралық турнирде ел анамысын 9 боксшы қорғауда.
ERNUR.KZ. Сербияда бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Ұлттар кубогінде қазақстандық екі спортшы алтын алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан құрамасы сапынан алты боксшы финалға шықты. Әзірге олардың арасынан Арайлым Марат (48 келі) пен Дина Жоламан (54 келі) финалда қарсыластарын қапы қалдырды. Арайлым словакиялық, Дина сербиялық боксшыны жеңді.
Аталмыш турнирде бұған дейін қазақстандық боксшылар 2012, 2015, 2016, 2018 жылдарда командалық есепте жеңімпаз атанған болатын. Үш мәрте мұндай мәртебеге ресейліктер ие болды.
Естеріңізге сала кетелік, халықаралық турнирде ел анамысын 9 боксшы қорғауда.