Брэндон Адамсқа орта салмақта Геннадий Головкинге DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас болу ұсынылды.
ERNUR.KZ. Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегіне қарсылас 29 жастағы америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болуы мүмкін. Бұл туралы The Ring және FOX Sports журналисті Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп жазады Vesti.kz.
Инсайдер алда мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жек жоспарланып отырғандықтан, қазақстандыққа қарсы оны жеңіп кетуі мүмкін қарсылас қоймайтынын айтады.
"Мәлімет көздері: Брэндон Адамсқа орта салмақта Геннадий Головкинге DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас болу ұсынылды. The Contender (америкалық спорттық реалити-шоу) соңғы маусымын ұтқан Адамс GGG-дің маусым айына жекпе-жегіне қарсылас ретінде қарастырылып отырған санаулы боксшылардың бірі.
GGG өзін жеңіп кетуі мүмкін боксшымен жұдырықтаспайды, DAZN "Канеломен" күзгі айқасына қанша құйып отырғанын есепке алу керек. Бокстағы бұл тәсіл көнеден келе жатыр. GGG - Адамс жекпе-жегімен қиындықтар тумайды", - деп жазыпты Коппинджер Twitter желісінде.