Үздіктер рейтингі. Қазақстанның ең мықты боксшысы кім?

0
1 447

Көшті әдеттегідей Геннадий Головкин бастап тұр.


Үздіктер рейтингі. Қазақстанның ең мықты боксшысы кім?

ERNUR.KZ. Ең танымал бокс ресурсы Boxrec Қазақстанның үздік кәсіпқойларының рейтингін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

Көшті әдеттегідей Геннадий Головкин бастап тұр. Сонымен қатар, ол әлемнің үздік боксшыларының рейтингісінде америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварестен кейін үшінші орынға жайғасқан.


10. Айдос Ербосынұлы (11-0, КО 8), 27 жас, суперорта салмақ

Айдос Ербосынұлы кәсіби мансабын орта салмақта бастаған болатын. Бірақ, уақыт өте келе бір салмақ жоғары ауысуға шешім қабылдады. Шешім дұрыс болып шықты. Қазіргі күнде қазақстандықта WBA және WBC екі аймақтық белдеуі бар. Бұл титулдарға ол 2019 жылдың көктемінде Алматыда төрешілердің шешімімен Намибиядан Лукас Ндафолумды жеңгеннен кейін қол жеткізген еді. Жақында Ербосынұлын тағы бір титулдық жекпе - жек күтіп тұр. 14 тамыз күні Сиднейде жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен кездеседі. Бәске суперорта салмақтағы WBA International жүлдесі тігілген.


9. Садриддин Ахмедов (9-0, КО 8), 21 жас, бірінші орташа салмақ

Садриддин-бұл рейтингтегі ең жас және болашағынан зор үміт күттіретін боксшы. Ол бар болғаны 21 жаста. Қазірдің өзінде Қазақстандағы ең мықты боксшылардың қатарына кіреді. Еншісінде бірінші орта салмақта WBC Asian аймақтық белбеуі бар. Биылғы жылы Ахмедов үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында жеңімпаз атанды. Монреалда мексикалық Абрахам Хуарестен басым болды, содан кейін Алматыда ол Индонезиялық Джон Рубаны ұпаймен жеңді. Ал жақында сол Канадада мексикалық Даниэль Вега Котаны техникалық нокаутпен жеңді. Әрине, Садриддин Ахмедов барлық күш-жігерімен еңбек етіп, алға бетінен қайтпаса алар асуы әлі алда.


8. Станислав Калицкий (8-0, 3 КО), 22 жас, екінші жеңіл салмақ

Станислав Қазақстанның азаматы болса да, профи-рингтегі барлық жекпе-жектерін ресейдің қаласы Екатеринбургте өткізді. Осы жылы Галицкий екі жекпе – жек өткізіп үлгерді. Алдымен, филиппиндік Венсон Делоперені жеңді, содан кейін оның отандасы Лэнди Крис Леонды сан соқтырды. Бір қызығы, Станислав бақ сынайтын екінші жеңіл салмақта қазақстандық боксшылар аз. Жеңіл салмақтағы Жанат Жақияновтың ерлігін Калицкий қайталайтынына сенгіміз келеді.


7. Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, КО 5), 26 жас, жартылай орта салмақ

Нұрсұлтан Жаңабаев өзін-өзі қалыптастырған боксшы. Әуесқой бокста жетістіктерге жетпесе де, кәсіпқойлар арасындағы аяқ алысы жаман емес. Нұрсұлтан қазір жартылай орта салмақта WBA Intercontinental атағына ие. Бұл белдеу 2019 жылдың көктемінде Алматыда венесуэлалық Иван Матутты мерзімінен бұрын жеңді. Жаңабаев та Айдос Ербосынұлы секілді 14 тамыз күні Сиднейде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - австралиялық Стив Гаго.


6. Виктор Коточигов (10-0, КО4), 26 жас, жеңіл салмақ

Виктор Коточиговқа қай жерде төбелессе де бәрібір. Өзінің кәсіби мансабында қазақстандық боксшы Қытайда, Ресейде, Грузияда, Германияда, Польшада және Британияда өнер көрсетті. Алғашқы белдігін (WBC International жеңіл салмақта) мексикалық Хайро Лопеспен болған тартысты жекпе-жекте жеңіп алды. Бұл жеңіс оған бұдан да жоғары дәрежелік жекпе-жектерге таласуға мүмкіндік беруі тиіс.


5. Жанқош Тұраров (24-0, КО 17), 28 жас, бірінші жартылай орта салмақ

Жанқош жарақатына байланысты рингтен тыс қалған еді. Биыл шаршы алаңа сәтті оралды. Екі жекпе-жек - екі жеңіс. Жаздың басында Тұраров ганалық боксшы Ричмонд Дярбенгті жеңді. Ал өткен демалыс күндері Нұр-сұлтан Жанқош Тұраров аргентиналық Мауро Годояны ұтты. Осылайша, қазақстандық боксшы бірінші жартылай орта салмақта WBO Intercontinental белбеуін жеңіп алды. Және Boxrec рейтингіне сәтті оралды. Бұл жекпе-жекте Тұраров жартылай орташа салмақтағы үздіктермен бокстасуға дайын екенін көрсетті. Алдағы уақытта мұндай мүмкіндік пайда болады деп үміттенеміз.


4. Нұрзат Сабыров (10-0, КО 9), 25 жас, супер орта салмақ

Нұрзат кәсіби мансабындағы екі жыл ішінде 10 мәрте жеңіске жетті. Осы шайқастардың тоғызын ол мерзімінен бұрын аяқтады. Биылғы жылы Сабиров екі рет рингке шығып, екі рет сәтті өнер көрсетті. Наурыз айында Нұрзат аргентиналық Сезар Эрнан Рейносоны, ал шілде айының соңында Венгр Ласло Тотты ұрды. Екі кездесу де техникалық нокаутпен аяқталды. Осы жеңістерінің арқасында қазақстандық әлемдегі үздік 40 боксшының қатарына кіре алды.


3. Қанат Ислам (26-0, КО 21), 34 жас, орта салмақ

Қанат та көр күттіріп рингке осы жылы оралды. "Қазақ" ауыр жарақатына байланысты спорттағы мансабын тоқтата тұрған болатын. Өткен аптада Алматыда Қанат Ислам доминикандық Хулио де Хесусты бар болғаны 14 секундта нокаутқа жіберді. Осылайша WBO Intercontinental белдеуін жеңіп алды. Сондай-ақ, Ислам бұдан былай орта салмақта өнер көрсететін болады. Оның айтуынша, онда өз-өзіңде танытатын мүмкіндік көп. Әрине, 34 жастағы боксшыға салмақ түсіру қиын. Дегенмен, Қанат алға бетінен қайтпайтын қайсар мінезді, оның үстіне Эгис Климас секілді тәжірбиелі менеджері бар. Климас міндетті түрде Қанаттың титулды жекпе-жектерде төбелесуіне мүмкіндік жасайды.


2. Батыр Жүкембаев (16-0, КО 13), 28 жас, бірінші жартылай орта салмақ

Батыр Жүкембаев жақын арада негізгі белбеулерге таласа алатын боксшылардың бірі. Оның еншісінде WBC және WBO өңірлік титулдары бар. Кезекте-титулдық шайқас. Батыр барлық кездесулерін өзі өмір сүріп жатқан Канадада өткізді. Ендігі мақсаты - АҚШ-та жекпе-жек өткізу. Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы үздік жиырма боксшының қатарына жақындады(қазір ол 22-ші рейтингте). Биылғы жылы ол екі жекпе-жекті өткізді: мексикалық Хильберто мен оның отандасы Луис Хесус Видалеспен жұдырықтасты. Екеуіңде де қарсыластар қазақстандықтың мықтылығын мойындады. Негізі, Батыр дәл қазір өз салмағындағы мен деген былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасуға дайын. Бірақ промоутерлермен арадағы жағдай қиын болғандықтан, мұндай жекпе-жектер жайлы сөз қозғау әлі ерте болып тұр.


1. Геннадий Головкин (39-1-1, КО 35), 37 жас, орта салмақ