Зарина Дияс WTA-ның үздік 100 спортшысы тізімінен шығып қалды

0
558

Тізімде Австралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан.


Зарина Дияс WTA-ның үздік 100 спортшысы тізімінен шығып қалды

ERNUR.KZ. Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингілерінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Тізімде Австралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 14-ші орынды сақтап қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-ші орында, ал тізімде үш саты төмен түсіп, 103-ші орынға тұрақтаған Зарина Дияс үздіктер «жүздігінен» шығып кетті.

Жұптық разрядта үздіктер «үштігін» бұрынғыдай чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және тайвандық спортшы Се Су-Вей басқарып отыр. Рыбакина өз жағдайын өзгерткен жоқ (49-шы), Алла Данилина сегіз саты жоғары көтеріліп, 75-ші болды, ал Дияс екі саты төмен түсіп, 180-ші орынға тұрақтаған.