Жағажай волейболынан Қазақстан командасы алғашқы жеңіске жетті

0
767

Финалда Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Азия чемпионы Иранға қарсы ойнайды.


Жағажай волейболынан Қазақстан командасы алғашқы жеңіске жетті

ERNUR.KZ. 16-18 желтоқсан күндері Үндістанның Вишакхапатнам қаласында жағажай волейболынан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі санатындағы Азия кубогінің бірінші айналымы өтуде, деп жазады baq.kz.

Алғашқы кезеңге Орталық Азия аймағының командалары қатысуда. Ерлер арасында Қазақстан, Иран, Үндістан мен Шри-Ланка, қыздар арасында Қазақстан, Үндістан және Шри-Ланка бақ сынауда. Бұл турнирде жеңіске жеткен команда құрлық кубогінің кіл мықтылары жиналатын сегіздік қатарына жолдама алып, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін жалғыз лицензияға таласады.


Қазақстан атынан екі команда сынға түсуде. Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев Қазақстан-1, Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Қазақстан-2 құрамаларында ойнайды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан Үндістаннан басым түсті. Қазақстан-1 – Үндістан-1 (2:0; 21:18, 21:19). Қазастан-2 – Үндістан-2 (2:0; 24:22, 21:17).

Финалда Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Азия чемпионы Иранға қарсы ойнайды.