Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) WBO титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа өткен.
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы атанды, деп жазады Stan.kz.
Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) WBO титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа өткен. Осылайша ол белбеуге үміткер болған Әлімханұлымен жұдырықтасудан жалтарып кетті. Сондықтан ұйым қазақстандық боксшыны әлем чемпионы ретінде ресми түрде мойындады.
"Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта "уақытша" әлем чемпионынан толыққанды чемпион мәртебесіне ауысты", – делінген WBO хабарламасында.
Әлімханұлы "уақытша" чемпиондық белбеуге британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңген соң қол жеткізген.