Оңтүстік Қазақстан облысы жалпы командалық есепте 8 медаль – 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медалімен 3 – орыннан көрінді.
ERNUR.KZ. 3 -11 мамыр аралығында Қапшағайда желкенді спорттан көктемгі Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жарысқа еліміздің 6 облысынан 70 ге жуық яхташылар бақ сынады. Аталған сайыста алғаш рет облыстың атынан Шардара қаласының спортшылары да қатасып, жүлделі орындардан көрінді.
Оңтүстік Қазақстан облысы жалпы командалық есепте 8 медаль – 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медалімен 3 – орыннан көрінді. Ал, екінші орынды Қапшағай командасы иеленсе, жарыста Алматы қаласы жеңімпаз атанды.