Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа аттанды

0
577

2022 жылдың 18-20 наурыз аралығында Белград қаласында (Сербия) жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді.


Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа аттанды

ERNUR.KZ. Жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысады, деп жазады Olympic.kz.

«Алдағы әлем чемпионатына қатысатын барлық спортшылар оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Соңғы екі айда ел ішінде жарыстар өтіп, олардың көрсеткіштерін, техникасын және физикалық көрсеткіштерін жақсартуға практикалық мүмкіндік берді.
Төрт спортшы әлемдік бәсекеде қатысуға мүмкіндік алды. Олар: Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру). Дегенмен, Ольга Сафроновадан басқа барлығы чемпионатта бақ сынайды. Ол бапкелер шешімімен жазғы жарыс маусымына, атап айтқанда Азия ойындары мен Орегондағы әлем чемпионатына қатысу үшін дайындығын пысықтайды», - деді бас бапкер Дмитрий Карпов.

Айта кетерлігі, бүгінде жеңілатлетикадан ел құрамасы Белградқа аттанды. Қазақстан сапынан бірінші болып жарыс жолына Михаил Литвин шығады.