29 жастағы Альварес жасына келген боксшылармен жұдырықтасады.
ERNUR.KZ. Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) қарсылас ретінде жасына келген боксшыларды таңдайтындығын сынға алды, деп жазады kaz.vesti.kz.
"Канело" карьерасын аяқауға жақын, жасына келген боксшылармен жұдырықтасады. Бұл "маған Крашерді (Ковалев) беріңдер, оның жасы қырыққа таяды, карьерасын аяқтады" дегенге ұқсайды.
"Канело" Шейн Мосли, Мигель Коттоны жеңді. Енді міне Крашер.
Альварестің жалындап тұрған боксшылармен жекпе-жегін саусақпен санауға болады. Эрисланди Лара, Джейкобс, сосын Головкин. Бірақ Головкиннің өзі 38 жаста", - деп келтіреді Андраденің сөзін Boxingscene.com порталына сілтеме жасаған "Чемпионат".
Айта кетейік, 29 жастағы Альварес қараша айында 36 жастағы Ковалевті WBO белбеуі үшін жекпе-жектің 11-ші раундында нокаутқа түсірген.