Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бұл турнирден Қазақстан құрамасының бесінші боксшысы шығып қалды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Абзал Құттыбеков Софияда өтіп жатқан Странджа кубогі атты халықаралық турнирдің ширек финалына өте алмады, деп жазады vesti.kz.
92 келі салмақтағы 1/8 финалда қазақ боксшы грузиялық Артем Иорданянмен жұдырықтасты. Абзал жекпе-жек бойы басымдық көрсетті, алайда үшінші раундта айқастан шеттеліп, төрешілер жеңісті грузиялыққа берді.
Осылайша, кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бұл турнирден Қазақстан құрамасының бесінші боксшысы шығып қалды.