Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
Олар алдымен тартысты матчта румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтрені жолдан тайдырды - 6:4, 3:6, 14:12.
Ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестовадан басым түсті - 6:4, 6:2.
Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.