Әділбек Ниязымбетов: "Билікке бару жоспарымда бар"

0
5 292

Әділбек Ниязымбетов - боксшы, Жартылай ауыр салмақта 2012 жылғы Лондонда және 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.


Әділбек Ниязымбетов:

Қарашаш Есенбай: Қайырлы күн, Әділбек аға! Қалыңыз, денсаулығыңыз жақсы ма? Әңгімені жаңалықтардан бастасақ, 2 жылдай уақыт бұрын денсаулығыңызға байланысты спорттан кеткеніңізді айтып едіңіз. Қазір қайда, немен айналысып жүрсіз?


Әділбек Ниязымбетов: Рахмет, Аллаға шүкір денсаулығым жақсы. Қазір ауыр жаттығу жасап жүрген жоқпын ғой, беліме күш түспегендіктен барлығы дұрыс. Өзім Нұрсұлтан қаласында "Боксқа даярлау орталығында" әдіскер болып, жұмыс істеп жүрмін. Бірақ індетке байланысты жұмысымыз уақытша тоқтағандықтан, дәл қазір Ақтау қаласындамын.


Қарашаш Есенбай: Кез келген спортшы үшін, спорттан кету психологиялық тұрғыда қиын болатын шығар?! Десе де өзіңіз сол кезеңді қалай өткердіңіз?


Әділбек Ниязымбетов: Әрбір боскшының арманы - Олимпиаданыңшыңы. Өзімнің алға қойған арман, мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Жақсы нәтижеге де жеттім, Аллаға шүкір! Спорттан кеткеніме еш өкпем жоқ, өкінбеймін де.Өйткені, спорт мәңгілік емес қой?! Әр адамның спортқа берілген, арнаған жылдары болады. Одан кейін бір орында тоқтап қалмай, басқа да шаруларды атқару керек.


Қарашаш Есенбай: Бізде олимпиада чемпиондары мен жоғары жетістік көрсеткен спортшылардың саясатқа келуі жиі кездеседі. Өзіңізге ұсыныстар болды ма және өзіңіздің билікке барар ойыңыз бар ма?


Әділбек Ниязымбетов: Иә, арине ондай жоспарым бар. Әрі қарай қалай болатыны белгісіз. Бірақ халыққа қызмет етемін деген мақсатым айқын.



Қарашаш Есенбай: Спортшы ретінде біздегі қазақ спортын дамыту үшін қандай жолдарын, әдістерін ұсынған болар едіңіз?


Әділбек Ниязымбетов: Біздің спортшылардың, бапкерлердің жалақыларын азайтып тастаған. Керісінше, оны көбейту керек. Кейбір шетелде айлықтарының мөлшерлері біздікіндей болса да, оларда басқа жағдайлар жақсы жасалған. Мысалы, спорттан кеткен соң да оның медициналық тексерулері, емделулері тегін болады. Бізде де тіпті болмағанда осындай жолдар қарастырылса деймін.



Қарашаш Есенбай: Артыңыздан еріп келе жатқан жас спортшыларға айтар кеңесіңіз?


Әділбек Ниязымбетов: Аянбай еңбек етіп, тер тегу керек. "Еңбек - бәрінде жеңбек" деп бекер айтпаған. Спортпен шұғылданып, жаттығу залына ерте барып, кеш қайту керек. Ең бастысы - бапкердің айтқанын тыңдау.


Қарашаш Есенбай: Өзіңізді қандай сөздермен жігерлендіресіз, қай сөздерді жиі айтасыз?


Әділбек Ниязымбетов: "Мен мықтымын" деген сөзді көп айтамын. Барлығын жасауға болады, тек жоспар болуы керек. Қандай сала болсын өзінің қиыншылығы болады, соның бәрін жеңе білу керек.


Қарашаш Есенбай: Сұқбатқа уақыт бөлгеніңізге көп рақмет!

Бөлісу