Бұл макияж терінің кемшіліктерін жақсы жасырады.
фото: mirramark.ru
Күн жылынып, күнделікті макияжды да барынша жеңіл, табиғи көрінісіңізден ауытқымау үшін жасалатын макияж түрін шын мәнінде «макияжсыз макияж» деп атасақ болатын шығар. Бұндай макияж терінің кемшіліктерін жасыруға және табиғи ерекшеліктерді айрықша көрсете отырып, бет пішінін сәл түзетуге мүмкіндік береді. Биылғы сән әлемінде осындай макияж түрі басты орында.
Жеңіл табиғи макияжды қалай дұрыс жасауға болады?
Бұл кез-келген макияждың ең тамаша нұсқасы, өйткені, оны кешкі, мерекелік макияжға айналдыру оңай. Ол үшін жарқын түсті ерін далабын қосу керек немесе «smoky eyes» көмегімен көзге баса назар аудару қажет. Сонда мерекелік макияж шығады. Табиғи макияж техникасы сыртқы келбеттің ерекшеліктеріне байланысты. Яғни, әр түрлі бет пішін мен келбеттің ерекшеліктеріне қарай жасалатын макияж. Біреулер үшін терінің кемшіліктерін (қызару, безеудің іздері, безеулер) жасыруға тырысу керек болса, біреу бет сүйектерін айқын көрсететін контурлау жасау қажет. Яғни, бетіңіз толықтау көрінетін болса, дөңгелек пішінді, жақ сүйектеріңіз білінер-білінбес болса, макияждың көмегімен мұны түзете аласыз. Бұл да өзіңіздің қалауыңыз бойынша, (теріні жылтыр және балғын етіп, аздап қызаруды қалайтын шығарсыз), ал енді әдемі табиғи макияж жасау үшін негізгі нұсқауларды біліп жүргеніңіз абзал. Оны өзіңіздің міндеттеріңізге байланысты өзгертуге болады.
Тоналды негіз (тональная основа)
Макияждың бұл түрінің басты міндеті-теріні тегіс ету, оны көптеген тоналды өнімдермен теріні «ауырлатпау». Табиғи макияжға арналған минималды құралдар жиынтығы жасырғыш және негіз болып табылады. Жасырғыштың көмегімен сіз көз астындағы қара шеңберлерді тез «жойып», қызаруды түзете аласыз, ал тоналды негіз тегіс әдемі келбетке қол жеткізеді. Кремді жағу үшін текстуралы құралдарды пайдаланыңыз және дымқыл спонждың көмегімен жеңіл, құбылмалы қозғалыспен жағып шығыңыз. Бұл жоғары сапалы көлеңкеге қол жеткізеді және тері табиғи көрінеді. Егер қажет болып жатса, минералды опамен бекітіңіз, әсіресе терінің майлы жылтырынан зардап шегетін болсаңыз.
Бет далабы (румяна)
Жеңіл, табиғи далап сіздің бейнеңізге балғын және жігерлі көрініс береді. Ең бастысы-қолайлы реңкті таңдау және далап сіздің бетіңізде бөлек болып, «қызғылт дақ» секілді болып көрінбеуі үшін тым көп мөлшерде қолданбау керек және дұрыс жағылуына мін беріңіз. Бейтарап түстерге (шабдалы немесе бозғылт қызғылт) басымдық беріңіз. Жазда күйген тері үшін бронзерді қолдануға болады.
фото: manikyurdizajn.ru
Қас
Адамның бет-әлпетін қас өзгерте алады. Бетті бірден түрлендіреді, сондықтан дұрыс табиғи макияж үшін оларға тональды негізге қарағанда көбірек көңіл бөлу қажет. Тек қана татуировка жасалмаған қасқа жасалатын табиғи макияж туралы айтып отырмыз, жалпақ қас (жіңішке емес) табиғи күнделікті макияждың басты екпіні болуы мүмкін. Қасқа арналған теньдер жиынтығын немесе кәдімгі қарындашты пайдаланыңыз.
Көз
Негізінде көзге арналған қанық түсті тень аса қажет емес. Бұл жерде кірпікке арналған қара немесе қоңыр түсті тушь жеткілікті болады. Қабақты бояуды да үш қабатқа салмаңыз, жасанды кірпік стилін де алып тастасаңыз болады. Табиғи макияжға арналған тень де міндетті емес. Егер сіз шынымен қалап тұрсаңыз, онда табиғи түстердегі палетканы таңдаңыз сүт түстес немесе бозғылтым қызғылт.
Ерін
Ерінге көзге тыныштық сыйлай алатын, бейтарап реңктегі ерін далабы немесе ерінге арналған жылтырды (блеск) қолдансаңыз болады.
Одан соң жеңіл тоналды әсері бар бальзаммен толық макияждың үстінен бір бүріксеңіз болғаны.
Табиғи сұлулық әсерін қалдыратын мұндай макияж кез-келген қыз-келіншекті әр күн сайынсұлуландыра түспек.
Дайындаған: Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,
Тағы да оқыңыз:
СӘНҚОЙ әрі ТАЛҒАМЫ ЖОҒАРЫ болу КӨП АҚША қажет емес
Бетіңізді СҮТпен ЖУЫП көрдіңіз бе?