Екінші иектен арылуға болады!

0
7 390

Қыздардың барлығы дерлік екінші иектерін кетірумен арпалысып жүреді.


Екінші иектен арылуға болады!

Алдымен екінші иектің неліктен пайда болатынына тоқталайық.

Негізінен нақты екі фактор: артық салмақ пен анатомиялық ерекшеліктер. Одан кейін жас егде тартқан сайын бұлшық еттер босаңси бастайды. Бірақ қазіргі таңда екінші иектің де мәселесін ойдағыдай шешуге болады.

Ең қарапайым жолы: Фейсфитнеспен шұғылдану

Айнаға қарағанда иектің астынан артық май көрген күннен бастап фейсфитнес жасауды әдетке айналдырыңыз. Әсіресе, ұйқыға жатар алдында жасалған жаттығу пайдалы. Жаттығулар аз уақытта орындалғанымен, нәтижесін он күннен кейін-ақ көруге болады.

Жаттығулар:

  • Тіліңізді сыртқа қатты шығарып, осы әдісті 10 рет қайталаңыз. (біреуге тіліңізді шығарған сияқты).
  • «И», «У» дыбыстарын қатты дауыстап айтыңыз. Мұны 10-15 минутқа дейін жалғастыруға болады.
  • «О» әріпін қатты дыбыстап, 10 рет қайталаңыз.
  • Қолыңызбен иек астынан ұстап, жоғары қарай итеріңіз. Ал иекті керісінше түсіруге тырысыңыз;
  • Иекті алақаныңызбен баяу ұрғылаңыз. (20 рет жасау керек).

Массаж алу

Екінші иекті кетіруге массаждың да көмегі зор болады. Қазір артық майларға арналған арнайы массаждар жасалатынын білетін шығарсыз?! Сол сияқты иектегі майды да косметологтардың көмегімен ыдыратуға болады. Ол үшін 8-10 сеанс қабылдау керек. Нәтижесін көру үшін аптасына 2-3 рет массаж қабылдаңыз.

Инъекция

Жоғарыдағы сатылардан өткеніңізбен, олар сіздің екінші иегіңізді кетіре алмаса қам жемеңіз. Тағы бір жолы, қазіргі таңда сұранысқа ие процедуралардың бірі – инъекция. Әрине, бетіңізді ауыртуы қалыпты, десе де нәтижесі жақсы. Бірақ бір рет қана емес, кемі 2-3 сеанс қабылдау керек.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ