​ГЕЛЬді лактан ТЫРНАҚ «демалуы» керек пе?

0
4 709

Мамандардың пікірінше, сіз бұл құпияны білмеуіңіз де мүмкін.


​ГЕЛЬді лактан ТЫРНАҚ «демалуы» керек пе?

Қазіргі кезде тырнақты сәнді етіп жүру үшін шеберлердің көмегіне жүгініп, гельді лакпен «жарқыратып» жүру ешкімге де қиын емес.

Әйел әрқашан сұлу болып жүруі керек, бірақ кейде уақыттың тығыздығына байланысты ұзақмерзімді «өшіп кетпейтін» лакты таңдауымызға тура келеді.

Кемінде 3 аптаға дейін тырнағыңызға сұлулық сыйлайтын және «өшіп кетеді» деп уайымдамастан, ыстық суға да салып, моншаға да түсіп тырнағым бүлініп қалады деген ойдан алыстататын гельді лакты көпшілік әйел қолдайды.

Дегенмен, «тырнақты демалдыру керек пе?», «Гельді лактан тырнақты тазартқан соң, қанша уақыт тырнақ дем алуы керек?» деген сұрақтар барлық қыз-келіншектің ойында тұрады десек қателеспеген болар едік.

Тырнаққа жағылатын гель-тырнақ пластинасының жоғарғы қабатына жабыстырылатын коллаген негізіндегі күрделі химиялық қосылыс.

Мамандардың пікірінше, сіз бұл құпияны білмеуіңіз де мүмкін.

Өйткені, «Тырнағыма гельді жабын жаққан соң, ол біраз уақыт демалуы керек» деген ойда болатын қыз-келіншектер көп. Бірақ тырнақ деген терінің кератинделген бөлігі, ол «демалмайды». Содан кейін өлі жасушалар, яғни сіздің тырнақ пластинкаңыз неден демалуы керек? Егер сіздің тырнақтарыңыз «демалу керек» деп ойласаңыз онда сіз тырнақтың орта есеппен үш айдан алты айға дейін өсетінін білетін боларсыз?

Сондықтан, гельді лак қаптамасы тырнаққа ешқандай кері әсерін тигізбейді, керісінше жасанды жабын тырнақ пластинасын сыртқы әсерлерден қорғайды. Екінші маңызды мәселе- гельді лакпен «қапталған» тырнақ қалың, күшті болады, сыртқы ортаның әсерінен физикалық қорғауы да жақсырақ.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Қандай жағдайда тырнақ бүлінеді?

Көптеген қыздар қате пікірде, гельді лак тырнақты айтарлықтай бүлдіреді, жұқарып, сынғыш болады дейді. Бірақ бұл гельді лакты жаққаннан емес, оны дұрыс алмаудан осындай келеңсіз мәселелермен бетпе-бет келуіңіз мүмкін.

Тырнақ бетіндегі бояуды кетіру де оңай емес, сондықтан, барынша мұқият болсаңыз, тырнаққа ешқандай зиян келтірмеудің жолдарын қарастыруға болады.

Гельді лакты алып тастайтын кезде тырнақтың беткі қабатына абай болу керек, егер тырнақ бетіндегі бірнеше қабатты алып тастасаңыз, әрине ол жұқарады, қызарады және ауырады.

Барлығына сүйене отырып, барлығы дұрыс жасалған жағдайда тырнақтарға «демалу» қажет емес деген қорытынды жасауға болады. Егер тырнағыңыздан гельді лакты алу кезінде қолайсыздықтар байқалса, табиғи тырнағыңыз өсіп шыққанша «демалдыру» қажет.

Мысалы, тұрақты қаптамамен 2 маникюрден соң, тырнақ 3 ай демалу қажет.

Тырнағыңызды қысқартып қиып тастаңыз. Тырнағыңыз қысқа болса, оның қабаттануы азайып, сынуын тоқтатады. Сумен қатысты үй шаруасының барлығын 2-3 апта қолғаппен жасаңыз. Тырнақтарыңыз химиялық заттардан демалуы қажет. Тырнаққа арнайы май жағып, бекітуші лактар қолданыңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЛАВР жапырағы теріні БАЛҒЫН етеді


35+: Альгинат маскасының көмегі сізге МІНДЕТТІ түрде қажет