Киімді дене бітіміңізге қарай таңдасаңыз қателеспейсіз

0
4 976

Көйлегіңіз қонымсыз ба? Әдемі белдемше кигіңіз келеді, бірақ жарасатынына күмәніңіз бар ма?


Киімді дене бітіміңізге қарай таңдасаңыз қателеспейсіз

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Дене пішімінің түрлі типтері бар екенін бірі білсе, бірі біле тұра мән бермейді. Ал, енді біреулері мүлдем бейхабар болуы да мүмкін. Кез-келген киімнің сырт келбетіңізге үйлесе бермейтіні де осыдан. Қандай түс ажарыңызды ашып, келісті келбетіңізді көркем ететінін, қандай киім үлгісі сізге жарасатынын білгіңіз келетін болар. Олай болса сәнгер кеңесіне назар салыңыз.


Адамдардың дене типі бірнеше түрге бөлінеді. Зертеулердің бірінде оны гиометриялық фигурамен салыстыра отырып анықтаса, келесі біреуі кәдімгі жемістерге теңеген. Неге, кімге теңесе де жаратылыс осындай. Ендігі мақсат- біз көрсететін типтердің арасынан өзіңізге лайықтысын тауып, кәдңізге жаратыңыз.


1. Егер сіздің иық пен кеуде тұсыңызға қарағанда, бөксеңіздің көлемі едәуір үлкен болса,онда сіздің денеңіз - алмұрт тәріздес.

Мұндай пішімдегі қыз-келіншектерге жеңі ұзын көйлектер таңдаңыз. Қою қара түсті шалбар мен ақшыл реңдегі кеудешелер кигеніңіз дұрыс.

2. Жоғарыдағы мысалға қарама-қарсы, яғни бөксесіне қарағанда иық тұсы үлкен болса - төңкерілген үшбұрышқа теңейді.

Бұл жағдайда мамандар белден төмен кең балақты шалбарлар киюді ұсынады. Сонымн бірге, етегі төгілген белдемшелер де сіздің кем тұстарыңызды жасырып тұратын болады.

3. Иық пен бөксеңіз қалыпты, ал, іштегі артық майдан арыла алмай жүрсеңіз онда сіздің дене пішіміңізді сәнгерлер алмаға ұқсатады.

Денеңіз осы пішімге денеңіз ұқсас болса, ұзын көйлек пен шалбар таңдауда аса мұқият болу керектігін ескертеді. Мойыны үшбұрыш, аса ұзын емес кең етекті көйлектер мен белдемшелер ажарыңызды аша түседі. Ыңғайлы, жалпақ белдік таңдасаңыз, көйлегіңізді әдемі көрсетеді. Көлденең жолақты көйлектер, сіздің мүсініңіздің кем түстарын одан әрі айшықтай түседі.

Мұндай көйлектердің қасынан өтіп кетіңіз. Бұл жағдайдағы аруларға биік өкшелі аяқ киім таңдағаны дұрыс.

4. Ал, құмсағат бейнесіне ұқсас сымбатты мүсінді кез -келген қыз армандайтыны сөзсіз.

90:60:90 өлшемі осы пішімдегі жандарға дәл келеді. Аруларға киім таңдарда қатаң талап пен қатып қалған қағида жоқ. Тек бойыңыздың ұзындығын ескеріп, теріңіздің түсіне жарасымды киім таңдағаныңыз абзал.

5.Егер сіздің беліңіз иық өлшемі мен бөксеңізге тең болса, салыстырмалы түрде төрт бұрышқа ұқсатады.

Бұл мүсінге ескере кететін жайттар көп. Бірінші кезекте беліңізге мән беріңіз. Рәзіңке белді көйлектер мен көлденең жолақты сәнді көйлектер сіздің мүсініңізді айшықтай түседі. Тік жолақты киімдерді таңдамағаныңыз дұрыс.

Міне, осындай кеңестер береді мамандар. Сондай-ақ сымбатты мүсінді қалайтын жандарға спортпен айналысып, дұрыс тамақтануды ұсынады.

Дайындаған: Гүлнұр Әмірәлі,

ERNUR.KZ