ҚЫТАЙдан келетін киімнен ВИРУС жұғу қаупі бар ма?

0
2 453


ҚЫТАЙдан келетін киімнен ВИРУС жұғу қаупі бар ма?

ҚЫТАЙ және КОРОНАВИРУС – көпшілік үшін егізге айналып үлгерген ұғымдар. Аталған вирус әлемге таныла салысымен Қытайдан тауар алдырушылардың көкейін күмән торлады. Бәрінің ойында «Коронавирус киім арқылы жұғады» деген бір қауіп. Сәйкесінше, қыз-қыз қайнаған онлайн-сауданың базары тарқай бастады.

Әйтсе де, өндірушілер киім-кешек шығаруын, алыпсатарлар, дүкен иелері тауарды жеткізу қызметі арқылы алдырып, сатылымға шығаруын доғармады.


Шынында, қытай киіміне қатысты күдік пен қауіп орынды ма?

Бұл сұраққа сала мамандары «Қытай киімдерін жеткізу қызметімен алу 100% қауіпсіз» деп жауап беруде.

Қауіпсіз болатын себебі – кез келген тауар тапсырысқа жөнелтілгеннен бастап, тапсырыс берушінің қолына тигенге дейін ұзақ жол жүреді. Бұл жолдың көп уақыт алатынын да ұмытпау керек. Кемінде екі апта жол жүріп келгендіктен, әдепкіде вирус болған күннің өзінде, тірі ағза емес, жансыз затқа жабысқан ол тиісті жерге жеткенше тіршілігін жояды. Сондықтан, киім болсын, бұйым болсын, қытай иероглифі басылған барлық заттан коронавирустың елесін көріп, күмәнмен қарау – негізсіз.


Әйткенмен, Қытай тауарларында коронавирусқа дейін де болған, біз білмеген не ескермеген қауіпті химиялық қоспалар жоқ емес. Сақтықты ойласаңыз, дәл солардан сақтанған абзал.

Формальдегид

– текстиль бұйымдарына қыртыстанбайтын серпімділік береді. Қоймада сақталу не тасымалдану кезінде бұйымда бактериялар пайда болуының алдын алады. Алайда, киімге осындай пайдасын тигізгенмен, кигенде денеге кері әсері көп. Бірінші әсері – теріні тітіркендіріп, аллергиялық дерматит тудыратыны. Одан бөлек, жүректі айнытып, тыныс жолдарын қыздыруы мүмкін.


Қорғасын

– сапаға емес, сән мен санға жұмыс істейтін өндірушілер мата бояуларының жарқын түсті болып шығуы үшін қолданады. Әсіресе, балалар киіміне көп қосылатындықтан, жас ағзаға айтарлықтай зиян тигізеді. Қорғасыннан улану баланың ақыл-ой және физикалық дамуына кері ықпал етеді.


Фталат немесе пластификатор

– біз үшін аты да, заты да беймәлім қоспа. Пластик бұйымдарға иілімділік, төзімділік беру үшін қосылады. Киімге қандай қатысы бар дерсіз? Қытайда өндірілетін киім-кешектің безендірілуіне, сәндік бөлшектеріне мән беріңіз. Онда басылған принттер, логотип, суреттердің құрылымы басқа. Жуғанда түсіп қалмайтын төзімді екені де рас. Бәрі осы фталаттың арқасында. Алайда, әсері принт сапасына жақсы болғанмен, денсаулыққа кері. Эндокриндік жүйе жұмысын бұзып, гормондар бөліну деңгейін төмендетеді.


НФЕ (нонилфенол этоксилат)

– дайын болған текстиль бұйымын өңдейтін жуғыш құралдар құрамында болады. Мата арқылы денеге өтіп, тінде қордаланып қалса, гормондық жүйенің балансын бұзады, ағзаның өсіп-өну жүйесінде мәселелер туындатады.


ПФХ (перфторланған химиялық заттектер)

– оның көмегімен киім мен аяқкиімде су өткізбейтін жабын пайда болады. Жауын өткізбейтін «сиқырлы» қасиеті бар деген киімнің бәріне аталған химиялық заттектер сіңірілгеніне күмәніңіз болмасын. Оларды кигеннен кейін иммунитет әлсіреп, бауыр мен ұйқы безі жұмысы бұзылатыны, бүйрек ауруларының мазалайтыны да күмәнсіз.


Осының бәріне қарамастан, Қытай киімдерін ала беремін десеңіз, әрине, шешім өзіңізде. Тек, саулық пен сақтықты бірінші орынға қойыңыз:

  • Бояуы тым қанық, жарқын түсті және ірі пластизольді (томпақ резеңке секілді) логотипті киім алмауға тырысыңыз;
  • Қытай киімін бірнеше күн бойы кимей, бір күн киілгеннен кейін жууға әдеттеніңіз;
  • Жаңа киімді кимес бұрын кемі екі рет жуыңыз;

Онлайн сауда жасағанда затбелгіден осы қоспалардың бар-жоғын тексеру, қолданушылар пікірімен танысу ойыңызда болсын.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Белгілі астролог әлемді шарпыған КОРОНАВИРУС өртінің ҚАШАН ӨШЕТІНІН айтты

Шашты тықырлап алудың қандай ЗИЯНЫ бар?