МЕДИЦИНАЛЫҚ немесе ҚОЛДАН ТІГІЛГЕН маска: Қайсысы ВИРУСТАН қорғайды?

0
3 896

Дәрігерлер бетпердені ережеге сай тақпаса, ешқандай вирустан қорғамайтынын айтуда.


МЕДИЦИНАЛЫҚ немесе ҚОЛДАН ТІГІЛГЕН маска: Қайсысы ВИРУСТАН қорғайды?

«Тәжін киіп, күшіне еніп, бүкіл әлемнің короліне айналған» коронавирустан қорғайтын ең бірінші амал – ауыз бен мұрынды бүркеу деп түсінуде көпшілік. Бұл қаншалықты дұрыс? Медициналық маскаға сенуге бола ма?


Иә, медициналық маска негізгі қорғаныс амалдарының бірі екені рас. Бірақ, дұрыс қолданбаса, ол вирусқа қарсы қару болудан қалады. Сондықтан, дұрыс тағу ережелерін білу маңызды.


Медициналық маска қауіпті инфекциялық ауру вирустарын қоздырғыштардан сақтау үшін қорғаныштық және сүзгіштік қасиетке ие, гипоаллергенді, жеңіл де әсерлі полимерлі материалдан жасалады. Заманауи бірреттік маска екі не үш қабатталған тоқусыз материалдан тігіледі.


Қалай кию керек?

  • Бірреттік масканың ақ бетін ішке қаратып, түрлі-түсті (әдетте, көгілдір, кейде қара, сұр) бетін сыртқа қарата тағады.

  • Ал, ашық ауада, көшеде жүргенде тағу міндетті емес.

  • Бетперде иек және ауызбен қоса, мұрынды да толық жауып тұруға тиіс.

  • Бір жағына бекітілген иілгіш сымды мұрын қырына қарай тартып қою керек.

  • Бетперденің қатпарларының арасын ашу арқылы бет пішініне сәйкестендіру қажет.

  • Киіп жүрген уақытта бетпердені қолмен жиі ұстамаған дұрыс.

  • Бетпердені иек астына ысырып, қалтаға салып қойғаннан кейін қайта қолдануға болмайды.

  • Ластанған немесе дымқылданған бетпердені пайдалануға болмайды.

  • Бетпердені шешкен кезде инфекция қоздырғыштар болуы мүмкін қорғаныс қабатын қолмен ұстамаған дұрыс. Құлаққа ілген резеңкесінен ұстап шешіңіз.

  • Бетпердені тағар алдында да, шешкеннен соң да қолды жуған дұрыс.

  • Бетпердені адам көп жиналатын ғимарат ішінде (аурухана, дүкен, т.б. қоғамдық орындар) міндетті түрде тағыңыз.


Бір бетперде неше уақыт киюге жарамды?

Бетперденің киілу уақыты оның тігілген материалына, ауа өткізгіштік қасиетіне және қабат санына, сүзгіш элементтер көлеміне байланысты болады.


  • Қағаз сүзгі қосып тігілген қарапайым маска 2 сағат таққаннан кейін жарамсыз.

  • Егер жөтелу, түшкіру не тыныс алу салдарынан бетперде дымқылданса, тез арада ауыстырып тағу керек.

  • Арнайы бактерицидтық құралмен өңделген бетпердені 3-5 сағаттай киюге болады.


Есте сақтаңыз! Бірреттік масканы немен, қалай зарарсыздандырса да, оның қорғаныстық қасиетін қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан екінші рет қолдануға болмайды.


Маска орнына орамал тағуға бола ма?

Медициналық маска – жай ғана матадан тігілмейді. Жоғарыда айтылғандай, арнайы полимерлі материалдан жасалады және құрамында арнаулы құралдар қосылады.

Сондықтан, қарапайым материалдан тігілген бетперде не орамалдар оның орнын алмастыра алмайды. Сол сияқты, дәл қазіргі уақытта көбейіп жатқан еріктілердің үй жағдайында тіккен маскаларының да қауіптен қорғау деңгейі төмен екенін ескеру керек. Әсіресе, жүннен тоқылған материалды ауыз тұсына таңу – қауіпті.

Мұндай таңғышқа демді шығарғанда ауамен қосылып іштен бактерия, вирустар да шығарылады. Ол өңделмеген күйі тыныс алғанда өз ішімізге қайта кетеді екен. Ал, арнайы орындарда барлық талаптарға сай тігілген бетперде кигенде, құрамындағы антисептик іштен шыққан демді сол сәтінде өңдеп, зарарсыздандырады.

Денің саулығын бірінші орынға қойып, сақтық шараларын тиісінше жасаңыз.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жұлдызнама бойынша: карантин кезінде немен айналысқан дұрыс?


КИІМДІ де ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ керек