Қазақ әйелдерінің дамуы үшін тер төгіп жүрген Құралай ханым өз сұлулығының сырымен бөлісті.
Қазақ әйелдерінің дамуы үшін тер төгіп жүрген Құралай ханым өз сұлулығының сырымен бөлісті.
Бірде Құралай ханым өзінің инстаграмдағы парақшасына " 2000 жылдары қазақ елi жаппай исламға, иманға, шариғатка бас бұрып, түрлі газет-журналдар шығып, теледидардан ислами бағдарламалар көп бере бастағанда, "Рахат" телеарнасынан шетелден келген қазақ, өте келбетті, сыпайы керемет бiр имам кiciнiн сұқбатын көзім шалып қалды. Басында имамды 50 жас шамасында деп ойлап отырғанмын. Сөйлей келе әлгі кici жасы 70-те екенiн айтканда, таң қалып, теледидардың дауысын қаттырақ шығарып, балалардың дауысын басып қойып тыңдадым. Жүргізушінің таңқалып, "Қалай жас қалпынызды сактағансыз?" деген сұрағына, имам: "Нұрнама деген дұға бар! Ол бiр ерекше нұр, энергия беретін дұға! Әсіресе қыз - келiншектер көбірек окыса, нұрланып, жасарып, әдемілене түседі"-,дедi.
Iздеп журiп "Шапағат-Нұр" деген журналдан сол дұғаны тауып алдым. #Самовнушение ма? Әлде сүйкімді Имам маған катты әсер етті ме? Бар жан-тәнiммен, денемдегi әр клетканың жыбырлағанын сезе отырып, катты берiлiп "Нұрнаманы" жаттап алдым. Күнi бугiнге дейiн берiлiп оқимын. Сол тапқан журналымда да осы дұға оқыған адамды, басқа кiсiлерге сүйкімді етiп көрсетеді деп те жазылған болатын.
Бұны жазып отырған себебiм кейiнгi кезде қыздардан "Қалай арықсың?", "Беттi қалай күтесің?" деген сұрақтар көбейді. Бiр себебі - осы" деп жазған болатын.
Оны оқыған қыз-келіншектер бұл дұғаны оқу арқылы өздеріндегі сенімсіздік пен қорқынышты жеңіп, өздерін жақсы көре бастағандарын жазған.
Ал, аяулы қыз-келіншектер, сіздердің сұлулықтарыңыздың қандай құпиялары бар? Бізбен бөлісіп, замандастарыңызға кеңес айтыңыз!
Фото: kuralay_hanum
ERNUR.KZ