Тісіңізді ең қарапайым жолмен ағартыңыз!

0
3 835

Тістің маржандай жарқырауы үшін не істеу керек? Бұл көпшілігіңізді мазалайтын сұрақ екеніне күмәнім жоқ. Сол себептен де өзім қолданып жүрген қарапайым, бірақ нәтижелі екі әдісті ұсынғым келеді.


Тісіңізді ең қарапайым жолмен ағартыңыз!

Фото: lindenhousedentalpractice.co.uk

Тістің маржандай жарқырауы үшін не істеу керек? Бұл көпшілігіңізді мазалайтын сұрақ екеніне күмәнім жоқ. Сол себептен де өзім қолданып жүрген қарапайым, бірақ нәтижелі екі әдісті ұсынғым келеді.

Ең алдымен тісті күніне екі рет таңертең және түнде тазалауды ұмытпау керек. Таңертең тісті пастамен тамақтың алдында жуған жөн, ал тамақтанып болған соң сумен шайып тастауға болады.

Тісті ағартудың жолдары көп, дәрігерге барып кешенді ағартуға немесе арнайы құралдармен үйде тазалауға да мүмкіндік бар. Бірақ бұл әдістер тістің эмалына зиян келтіреді деп қорықсаңыз, қарапайым ас содасымен немесе белсендірілген көмірмен жуыңыз.

  • XVIII ғасырда француз химигі ойлап тапқан ас содасының пайдасы мол. Оны тамағыңыз ауырғанда, асқазаныңыз қыжылдағанда, болмаса табаныңыз жарылғанда қолдана аласыз. Сонымен қатар, тісіңізді ағарту үшін қолдануыңызға да болады. Күн сайын жарты шай қасық ас содасымен тісіңізді жуыңыз. Артынан тіліңіздің үстін тазаласаңыз, түсінің қалыпқа келуіне көмектеседі.
  • Белсендірілген көмірді көп қыз-келіншектер салмақ тастау үшін жиі пайдаланады. Одан бөлек те бұл дәрінің пайдасы көп. Мысалы, тісіңізді күн сайын белсендірілген көмірмен жусаңыз, көп ұзамай езуіңізден аппақ тіс жарқырайтын болады.

Қ.Есенбай