ТҮССІЗ ЛАКТЫҢ Сіз білмейтін ПАЙДАСЫ мен көмегі көп

0
2 653


ТҮССІЗ ЛАКТЫҢ Сіз білмейтін ПАЙДАСЫ мен көмегі көп

Түссіз лакты қолданбайтын әйел кемде-кем. Бірақ, кім қайда, не үшін қолданады – сұрақ сонда.

Түссіз лактың тырнақ саулығы мен сұлулығынан бөлек, киім-кешекке қатысты ұсақ-түйек жағдайларға да қажетке жарайтын тұсы көп. Мәселен, жыртылған капрон шұлыққа шұғыл көмекке келеді. Иә, мұны бәрі біледі. Бірақ, келесі пайдаларын екінің бірі кәдеге жаратып жүрген жоқ.


Киімнің түймесі үзілгелі тұрса, әрине, оны тігу керек. Алайда, дәл сол

сәтте қолыңызда ине мен жіп болмаса қайтесіз? Онда сөмкеңізден түссіз

лак іздеп көріңіз. Бар болса, түйме мен мата арасына, ондағы жіпке лак

жағып, кептіру арқылы «қатырып қойыңыз».


Кейде көзілдірктің жиектемесі мен құлақбауды жалғап тұратын кішкентай бұранданың

түсіп қалатыны болады. Өте жағымсыз жағдай, мұны көзілдіріктілер ғана түсінеді.

Келесі лайфхак солар үшін аса қажет. Келесіде бұранда түсіп қалса, имек құлақбау

топсасына түссіз лак тамызып жіберіңіз. Оптика дүкеніне жеткенге дейін жібермей

ұстап тұруға қауқарлы.


Бижутерия әшекейлерін жиі тағасыз ба? Ендеше сізге оның көп өтпей

жасыл тартып, көгеретіні таныс болар. Бұйымда пайда болған жасыл

дақ құлаққа да жұғады. Оны болдырмау үшін әшекейге түссіз лак жағып

қойыңыз. Осыдан кейін ол бұрынғыдан да жақсы жалтырайды, көгермей-

қараймай, түсін жоғалтпай тұрады, теріге де еш зияны тимейді. Осылайша,

бір оқпен екі емес, үш қоян атып алуға болады.


Киім тігуді кәсіп еткен қыз-келіншектерге де жұмыс үстелінің тартпасында

үнемі түссіз лак сақтаған артық болмайды. Түрлі баулар, таспа, шілтерлі

жиектеме, матаның кей түрлері қиғаннан соң шашақтанып, шашырап кетіп

жатады. Осыны болдырмас үшін келесіде бірден түссіз лак жағып қойыңыз.

Аударған: А.Бектұрған,

ERNUR.KZ