БҰЛАР адамның ӨТЕ ТӘРБИЕЛІ екенін көрсетеді

0
2 597

Жіберген қателігі үшін ақталмау - тәрбиелі жанның бір белгісі.


БҰЛАР адамның ӨТЕ ТӘРБИЕЛІ екенін көрсетеді

Біз адамды тәрбиелі және тәрбиесіз деп екіге бөлеміз. Көп ретте қарапайым, сыпайы, ауыр сөздері жоқ жандарды тәрбиелі адамға жатқызамыз. Бірақ шындығында тура солай емес. Тәрбиелі адамға таңылған бұл белгілер оны толық көрсетпейді. Кейбір жандар барлық әдепті сақтай отырып, өте дөрекілік танытуы мүмкін. Кейде өте қарапайым, сыпайы көрінген жанның да өзгелердің сыртынан түрлі жеке өмірі туралы өсек айтатындарды да кездестіруге болады. Төменде адамның тәрбиелі екенін көрсететін белгілер жазылған.


Әңгімелескен жанға құрметсіздік танытпау

Тіпті арада қандай да бір қызу пікірталас, айтыс болса да жеке басқа өтіп тіл тигізбеу. Егер сіз кез-келген ашуға тиетін жағдайда шыдамдылық сақтай білсеңіз және бәрін сабырмен шешетін жан болсаңыз, онда бұл тәрбиеліктің белгісі. Демек сізді ата-анаңыз айналаңызды сыйлап, құрметтеуді үйреткен және сол үйренген ережелерді ұстанасыз.


Көмек керек жанға үнемі қол ұшын созу

Сіз ешуақытта шын көмекке мұқтаж жанның қасынан өтіп кетпейсіз. Мейлі ол қоларбамен жүрген балалы ана, көшеден өте алмай тұрған қария, бала немесе жұмысы көбейіп кеткен жолдасың, әріптесіңіз болсын, сіз олардың барлығына уақыт тауып көмектесесіз. Айналаңыздан үнемі көмек керек емес пе деп сұрап жүресіз және ол көмекті ешқашан бұлдамайсыз. Бұл да тәрбиелі жанның бір белгісі.


Өсек-аяң таратпау

Өз көзіңізбен көрмей, жай естіген сөз бен өсекті ешкімге айтпайсыз. Себебі сіз оның босқа уақыт жоғалту екенін түсінесіз және жалған ақпаратты таратпайсыз. Айналадағы жандарға оның өсек екенін түсіндіруге тырысасыз. Егер түсіндіру қолыңыздан келмесе, онда бар жағдайға сырттан қарап көресіз, бірақ өзіңіз ештеңе айтпайсыз.


Бос сөзді ерегіске, дауға араласпау

Адамдардың көпшілігі ерегіс, дауласудың босқа уақыт өткізу екенін түсінеді. Бірақ өзінің ісін дұрыс етіп көрсету үшін бәрібір егесуден қайта қоймайды. Ал тәрбиелі жан мұндайға бармайды. Егер қасыңыздағы жанмен әңгімеңіз дұрыс өрбімей бос дауға айналып бара жатқанын сезсеңіз, сіз бірден әңгімеден шығып кетуге тырысасыз. Сіз үшін мұндай әңгімеге қарағанда маңызды, тиімді істерге уақыт жұмсағанды дұрыс көресіз.


Әділетсіздікке қарсы тұру

Әділетсіздікке шыдап тұра алмайсыз. Кез-келген әділетсіздік сіздің жаныңызға тиеді. Тіпті ол болып жатқан жағдайды өзгертуге ешқандай мүмкіндік болмаса да, әрекет істеп, айналадағы жандарды дұрыс жолға бағыттауға тырысасыз. Қандай болса да әділетсіздікті көргенде үнсіз қарап тұра алмайсыз. Тіпті үнсіздіктен немесе мақтаудан өзіңізге қандай да бір пайда түсетін болса да, әділдікті бірінші орынға қоясыз. Бұл сіздің тәрбиелігіңіздің белгісі.


Адамдарды жамандамау

Сіз ешқандай адамды жамандамайсыз. Әрбір адамның айналасындағы жандардың ішінде әйтеуір бірімен ара-қатынасы нашар болады. Біз барлығымыз сатқындықты, өкпе-ренішті, айрлысуды бастан өткіземіз. Бірақ бұл ол адамдарды жамандап, айтқан сырларын жаюға, жеке өмірін өзгелерге айтуға болады деген сөз емес. Тіпті сөйлесіп жүрген қызыңыз немесе жігітіңіз сізді қатты ренжітіп тастап кетсе де, достарыңыз, әріптестер мен туысқандардың алдында оның ешуақытта ар-намысын, абыройын түсіретін әрекетке бармайсыз.


Өмірге өкпе артпау

Басыңызға қандай мәселе түссе де қайғырып, өмірге өкпе артпайсыз. Көп ретте үнсіз қалып мейлінше жағымсыз ойлардан арылуға, болған жағдайды өзгертуге тырысасыз. Тек басыңызға қатты қиындық түссе ғана, онда да тек жақын жандарыңызбен бөлісесіз. Өзін құрбан етіп көрсетуге тырысатын жандарды қолдамайсыз.


Күш қолданбау

Сіз жағдайды төбелессіз бейбіт жолмен шешуге тырысасыз. Алайда бұл сіздің әлсіздігіңізден емес, керісінше мінездің мықтылығын көрсетеді. Ақылды тәрбиелі жандар мәселені жұдырықсыз шешкенді дұрыс көреді.


Жауапкершілікті өзгеге артпау

Тәрбиелі жандар барлық жағдай үшін өзі жауап береді. Сіз басыңыздағы жағдайға үкіметті, алған біліміңізді, қолайсыз ауа -райын немесе өзге адамдарды кінәламайсыз. Бұл жақсы тәрбиенің көрінісі және бастысы толыққанды адам болудың көрінісі. Сіз мүмкіндігінше айналадағы жандардың кеңесі мен көмегінсіз бар мәселеңізді өзіңіз шешесіз. Демек сіз өзінің әрбір ісіне (тіпті өзгелердің араласуымен болған болса да) жауап беріп үйренген жансыз.


Өкпе-реніш білдірмеу

Көңілде өкпе-реніш сақтамай адамды тез кешіре білу де тәрбиелі жанның белгісі. Сондай-ақ бұл дағды өмір сүруді жеңілдетіп, көңілдегі артық жүктен, жағымсыз ойлардан және ара қатынастың текке бұзылуынан сақтайды. Тәрбиелі жан ешуақытта кешіккен досына, дөрекілік танытқан сатушыға немесе шектен тыс қамқор ата-анасына, талапшыл басшыға т.б жағдайларға еш ренжімейді. Кешірімді болу ол айналадағы жандар үшін емес, бірінші кезекте өзіңіз үшін жақсы.


Кек сақтамау

Егер кек сақтамайтын, ары қарай тыныш өмірді жалғастыра беретін, дамып, қуанып, кек туралы, өзіңізді ренжіткен жан туралы мүлде ойламайтын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбелі жан екеніңіздің бір белгісі. Өзгеге кек сақтамайтын жан – ол өз эмоциясынан күштірек жан. Бар күш жігерді, ойды кек алуға емес, керісінше өзге қажетті нәрселерге бағыттасаңыз, өмір сүру әлдеқайда жақсы және қызықтырақ болатыны сөзсіз.

Жіберген қателік үшін ақталмау

Ақталу адамның өзінен басқа ешкімге де керек емес. Сондықтан қателік жіберіп немесе біреуді ренжітіп алғанда тек артық сөзсіз кешірім сұрау жеткілікті. Ал ақталу өз қателігіңді өзгеге аудару, қисынсыз оқиғаны ойлап табу секілді көрінеді. Сол себепті шынайы сұралған кешірім өте жақсы.


Дайындаған: Э.Базрбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Отбасылық өмірден ШАРШАП ЖҮРСІЗ БЕ?


ӘЙЕЛ БАСҚАРҒАН отбасы бақытты бола ма?