​РАМАЗАН айының әрбір ОТБАСЫНА әкелетін 12 БЕРЕКЕСІ

0
7 701

Құран-Кәрімде айтылғандай, бұл - көктен періштелер түсетін ай. Құранның жер бетіне түскен ең соңғы кітап екендігін білсек, бұл кітап дәл осы Рамазан айында түскені айдың қаншалықты қасиетті, берекелі ай екендігін дәлелдеп тұрғандай.


​РАМАЗАН айының әрбір ОТБАСЫНА әкелетін 12 БЕРЕКЕСІ

Ислам дінінде Рамазан айы ұлылығы жөнінде айтылады. Мұсылманның дұғасы қабыл болатын, Алла-Тағаланың берекесі мен рахымы түсетін қасиетті ай, айлардың сұлтаны деп санаймыз.

Мүміндер мен мұсылмандар үшін береке айы саналатын Рамазан айының қасиеті оның отбасына да береке орнатады. Төменде рамазан айының басқа айлардан қандай артықшылықтары бар, бізге қандай берекесімен келетіні жөнінде дәлелдер келтірдік.


1. Рамазанда Құранның берекесі:

Алла-тағала Құран-Кәрімнің Бақара сүресінің 185-аятында «Рамазан айы сондай бір ай, сол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар» делінеді.

Құран-Кәрімде айтылғандай, көктен періштелер түсетін ай. Құранның жер бетіне түскен ең соңғы кітап екендігін білсек, бұл кітап дәл осы Рамазан айында түскені айдың қаншалықты қасиетті, берекелі ай екендігін дәлелдеп тұрғандай.


2. Рамазан оразаның берекесі:

«Мұхаммед (с.а.с) «Кімде-кім оразаны иманмен, сауап алу үмітімен ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі» деген»,- Имам Бұхаридің риуаяты бойынша.

Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с) «Құраннан бір әріп оқығанға бір жақсылық бар, ол он есе жақсылық болып жазылады. Мен әлиф, ләм, мим — бір әріп демеймін. Әлиф-бір әріп, ләм-бір әріп, мим-бір әріп деп айтамын»,- деген.


3. Рамазандағы алғашқы кештің берекесі:

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) Қашан рамазан айының кеші болса, сол күні жын-шайтандар кісенделеді. Тозақ есіктері жабылады, жәннат есіктері ашылады.


4. Оразада сәресін ішудің, ауыз бекітудің берекесі:

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с) «Кімде-кім ықыласпен, иманмен ораза ұстаса, кешкісін ауыз ашса, ол адамның істеген күнәлары кешіріледі» дейді. «Сәресiнi iшiңiздер, өйткенi сәресiде береке бар.» Хадистi Әнас ибн Маликтен (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

5. Рамазан айында берілетін садақаның берекесі:

Пайғамбарымыз (с.а.с) «Садақаның ең жақсысы Рамазан айында берілген садақа» деген. Расулаллаһ (с.а.с) өз үмбетіне үлгі болған.


6. Оразада ауыз ашудың берекесі:

«Аллаһ Тағала: «Құлдарымның iшiнде Мен үшiн ең сүйiктiлерi- ауыз ашуға асығатындары»,- деп айтады». Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.



7. Ауызашар берудің берекесі:

«Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрi ораза ұстаушының сауабы кемсiтiлмейдi». Хадистi Зайд ибн Хәлид Әл-Жүһаниден (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.


8. Ауызашарда оқылатын дұғаның берекесі:

Ауызашар алдында жасалған дұға мен Алланың арасында перде болмайды! Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мәжаһ, Хаким).

9. Рамазанда жәннаттың берекесі:

Пайғамбарымыз (с.а.с) Ораза ұстаушының екі қуанышы бар, бірі кешкісін ауыз ашарда, екіншісі Жаратқан Алла Тағаланың алдында тұрған сәтте дейді. Алла Тағала айтады: «Адамзат не істесе де өзінікі, бірақ оразадан басқасы, ораза менікі. Мен оның есесін өзім беремін. Ол Мен үшін ішіп-жеуін, нәпсісін тыйды ғой» деген. Алла Тағала қиямет күні ораза ұстаушыны жәннаттың арнаулы қақпасына кіруге шақырады. Хадисте: «Жәннатта сегіз есік бар. Оның бiр есiгінің аты- Райан. Қиямет күнiнде ол есiктен тек ораза ұстағандар ғана кiредi. «Ораза ұстағандар кірсін»,- дегенде, олар есiктен кiргiзiледi. Соңынан есiк жабылады. Олардан кейiн ол есiктен ешкiм кiргiзiлмейдi»,- деген.



10. Рамазанда «Ләйләтул-Қадір түнінің» берекесі:
«Қадір түні мың айдан да қайырлы»,-деп айтқан.Мың ай дегеніміз 83 жыл 4 айға тең келетін уақыт. Бір түн адамның бүкіл өміріне пара-пар. Яғни осы бір түнде жасалған кез-келген сауапты іс мың ай бойы жасалған жақсылыққа татиды. Ондай болса, бұл түн адамзат үшін ұлы мүмкіндік. Себебі адам баласы уақытының көбін отбасына, жұмыс және ұйқы сияқты тіршілікке қажеті істермен өткізеді. Пенделердің осы әлсіздігін жақсы білетін Раббымыз осы түнді сый ретінде берді. Бұл түні немқұрайлық танытудан үлкен өкініш жоқ. Себебі берілетін ізгіліктерден мақұрым қалады. Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың Елшісі(с.а.с): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!»,-деп айтқан. Керісінше бұл түнді ұйқысыз өткізсе, Алла Тағала ол пендесін жарылқайды. Алла Елшісі (с.а.с):

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»,- деген.


11. Рамазандағы пітір садақасының берекесі:

Қасиетті Құранның Тәубе сүресінің 60-аятында:«Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз. Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге. Оны жинауға белгіленгендерге, көңілдері алынатын (жаңа мұсылмандарға), құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі»делінген.

Ардақты Пайғамбарымыз:«Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас»деп ескерткен.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

12. Рамазанның жасы үлкен кісілер мен жүкті әйелдерге берекесі:

«Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екіқабат, омырауда баласы болған әйелдер оразаның орнына күніне бір пітір садақасын беруіне болады). Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы» делінген Бақара сүресінің 184 аятында.


Дайындаған: Г. Жорабекқызы,

ERNUR.KZ