160 мың тоннаға жуық жеміс - жидек жинауды жоспарлауда

0
4 676

Оңтүстік өніміне Ресей мен Беларусь республикаларынан сұраныс жоғары


160 мың тоннаға жуық жеміс - жидек жинауды жоспарлауда

ERNUR.KZ. Биыл Түркістан облысында 160 мың тоннаға жуық жеміс-жидек жинау жоспарланып отыр. Оның 50-60 пайызы көрші мемлекеттерге экспортталады. Әсіресе , деп жазады 24.kz.

Түркістан облысының Төле би ауданы таулы аймақ болғанымен мұнда жеміс-жидек жақсы өседі. Жері жомарт, топырағы құналы. Мәселен, Көксерек елді мекеніндегі мына алма көшеттері биыл ғана отырғызылған. Аумағы 40 гектар жерге 100 мың түп көшет егіліпті. Жас көшеттер еуропадан әкілінген. Бау Польшалық агрономдардың технологиясымен бапталады. Бұнда алманың гала, голден делишес, рейд делишес, айдерет деген төрт түрі бар. Болашақта әр көшет 50 кг дейін өнім береді. Сонда жылына 1 гектардан 50 тонна өнім алуға болады,-дейді бағбандар.

Сондай-ақ мұнда алма сорттайтын үлкен кешен салынған.

Қуаныш Жұмаділов, шаруашылық басшысы: - Ертең өнім алғаннан кейін жұмыстың бәрі осы комплекстің ішінде болады. Алма жинау, өңдеу, қораптарға салу деген сияқты жұмыстың бәрі осы жерде жүреді. 3-4 жылдың шамасында бұл жерде алма сақтау қоймасын саламыз. Алма өңдеу цехын саламыз. Ал мынау Төле би ауданы Тасарық ауылындағы жүзім бауы. Көлемі 20 гектар. Топырақтың тілін тапқан бағбандар тастақты жерге жүзім егіп, одан мол өнім алып отыр. Бау түрік технологиясымен бапталады. Биыл екі жыл болса да бағбандар әр гектарынан 7-8 тонна өнім жинауда. Келешекте гектарынан 40-50 тонна жүзім жинауды жоспарлап отыр.

Рахымжан Камилов, агроном: Тағы да үлкейтеміз деген жобалар бар. 50-60 гектарға үлкейтсек деп отырмыз. Қазір өнімді көрші облыстарға жіберіп жатырмыз. Ресесйге де алып кетіп жатқандар бар, өздері келеді, біз жинап дайындап береміз. Түркістан облысы климаттық жағынан еліміздегі жеміс-жидек шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір. Аймақта 30 мың гектардан аса жеміс-жидек бауы бар. Оның 19,5 гектары түрлі жеміс-жемістер болса, қалған 10,5 гектары жүзім алқабы.

Мұхтар Әшірбеков, облыстық АШБ егін шаруашылығын дамыту бөлімінің бас маманы: - Жалпы биыл 85 мың тонна жеміс-жидек пен 70 мың тонна жүзім жинау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 76 мың тонна жеміс-жидек пен 22 тонна жүзім жиналды. Жинау жұыстары әлі де жалғасып жатыр. Жалпы бүгінге дейін жиналған жүз мың тоннаға жуық өнімнің 65 пайызы экспортқа шығарылған. Тілі дәм үйіретін оңтүстіктің жеміс-жидегіне көрші ресей мен беларусь елінен сұраныс артқан. Сонымен қатар еліміздегі жеміс-жидекке деген қажеттіліктің 40 пайызын Түркістан облысының шаруалары қамтамасыз етіп отыр.