Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сабыр Рақымов әкімдігіне қарасты Көкібел ауылының тұрғындары енді көгілдір отынды пайдаланатын болады.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында орналасқан 4100 халқы бар Көкібел ауылының тұрғындарына газ беріле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сабыр Рақымов әкімдігіне қарасты Көкібел ауылының тұрғындары енді көгілдір отынды пайдаланатын болады.
Бұл елді мекенге газ беріліп, тұрғындардың бір бейнеттен құтылғандарына қуанышты. Елді мекенге бұған дейін көшедегі бағаналарға электрлі жарықтар орнатылып, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Ауыл халқының тұрмысы енді бұдан былай жеңілдей түсетіні де анық. Құбыр бойымен жіберілген табиғи газ Көкібел ауылындағы әр үйге жол тартты. Желтоқсан айы Көкібел елді мекенінің тұрғындары үшін тарихи оқиға ретінде сақталып қалатыны сөзсіз.
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесінің қатар келуіне орай бір ауылдың мәселесінің шешімін тапқаны тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды.