Әдеп кодексінің талаптары қалай орындалғандығы туралы есеп берілді

0
2 333

Мемлекеттік қызметшілердің әдепті, сыпайы, қарапайым болуы бұл бүгінгі күні үлкен мәселе.


Әдеп кодексінің талаптары қалай орындалғандығы туралы есеп берілді

ERNUR.KZ. Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметшілердің әдепті, сыпайы, қарапайым болуы бұл бүгінгі күні үлкен мәселе. Сол себептен, бекітілген жоспарға, кестелерге сай мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, орындалуын бақылау мақсатында 2018 жылдың 7 айында аудандар мен қалаларда, ауылдық округтерде, облыстық басқармаларда, облыс әкімі аппаратында –139 семинар кеңестер өткізіліп, оның ішінде облыс әкімі аппаратында: «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жөнінде берілген тапсырманы түсіндіру бойынша», Республикалық арнайы мониторингтік топтың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы және Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқаратын қызметі» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

Осындай семинарлар биылғы жылы 76 ауылдық округтерде өткізілген. Бұл семинарларға жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілер және дебілім, медицина, мәдениет салаларының басшы қызметкерлері қатысып, Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуы, Рухани жаңғыру, мемлекеттік қызметшілердің ішкі өзгеріске енуі, талапқа сай түзелуі мәселелері кеңінен талқыланды. Семинарлардың барысында Әдеп Кодексімен анықталған мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтарының жалпы стандарттары бойынша әңгімелер қозғалып, оның ішінде, қарапайым және сыпайы болу, қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сапалы қызмет атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерде әдептіліктің болуы және де діни көзқарастарға байланысты міндеттер көтеріліп, кеңінен түсіндірілді. Бұл семинарларда мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәуекелі мүмкін деген қызметтердің түрлері аталып, талапқа сай қызмет атқару назарларына жеткізілді.

Сондай-ақ, осы семинарларды өткізу барысында барлық аудандар мен қалаларда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алдын - ала хабарландырулар жарияланып, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдаулар өткізілді. Бұл қабылдауларда 2018 жылдың 7 айында 97 мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтар болды. Қабылдауға келген мемлекеттік қызметшілер және басқа да азаматтар негізінен төмендегідей сұрақтарды көтерді:

Әдеп кодексі талаптарының бұзылуы, жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу, рухани жаңғыру жұмыстарының талап деңгейінде болмауы (тазалық мәселесі, мемлекет тарапынан жас мемлекеттік қызметші-отбасыларға коммуналдық баспана бөлу мәселесі, Мемлекеттік қызметшінің діни көзқарасы бойынша түсініктеме беру, жұмыс уақытын өзгерту бойынша және тағы басқа да сұрақтарды көтерді.

2018 жылдың 7 айында Түркістан облысы әкімдігіндегі Әдеп жөніндегі уәкілдің атына 17 арыз түсіп, облыс әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 8 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай тексеріліп, жауаптар берілген.

Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 2018 жылдың 7 айында 17 адам хабарласып, олар мемлекеттік қызметкерлердің дөрекі мінез көрсеткендігіне, азаматтық құқықтарының бұзылуы, ауылдық округының әкімітарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалмауына, ауылдық округінің әкімінің қызметінің сапасына, ауылдағы тұрғындар арасындағыморальдық-психологиялық ахуалдың төмендігіне, қала әкімінің жеке қабылдауына кіруге көмектесуін сұрады. Бұл өтініштердің барлығына сол уақытта тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты. Кейбір қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен арыздардың 3-і құзіреттілікке байланысты облыстық Әдеп кеңесіне жолданып, 1-і бойынша қозғалған тәртіптік істің шешіміменКентау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі басшысының орынбасарына «Қатаң сөгіс» берілді.

Ұжымдарда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен нұсқада 2018 жылдың маусым айында анонимдік сауалнама жүргізілді.Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі басшылыққа көңілі толатынын айтқанымен, жекелеген мемлекеттік қызметшілер сұрақтарға «жоқ» немесе «үнемі емес» деп жауап берген.

Анонимдік сауалнаманың қорытындысы шілде айының 2 жартысында 24 басқарманың барлығындаөткізілген семинар-кеңестерде талқыланып, басшыларға ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдарды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.