Ол Азия чемпионатында 3 жекпе - жек өткізді.
Түркістан облысының "Ұлттық спорт түрлері мектебінің" балуаны Əділжан Ыстыбаев қазақ күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ол Астанадан Шымкентке оралды. Спортшыны бапкерлер мен спорт жанкүйерлері зор қошеметпен күтіп алды. Əділжан осымен 4 - рет құрлық чемпионы атанып отыр. Ол Азия чемпионатында 3 жекпе - жек өткізді. Ыстыбаев алғашқы белдесуінде пакистандық қарсыласынан басым түсті. Кейін түркменстандық балуанды жарыстан шығарып жіберді. Ол финалда моғолды жеңіп алтын медаль иесіне айналды.
Енді Əділжан Əлем чемпионатына ірікету турнирі ретінде ұйымдастырылатын Қазақстан чемпионатына дайындықтарын пысықтайды.