Әкімдік қызметкерлері тұрғындарды тазалыққа шақырды

0
1 801

Саябақ пен орталық алаңды қоқыстан тазартып, шөптерін шауып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді


Әкімдік қызметкерлері тұрғындарды тазалыққа шақырды

ERNUR.KZ. Жетісай ауданы әкімдігінің сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жаппай қалалық сенбілік өтті. Аталған аудан, қала әкімдігінің 14 бөлімінің 300-ге жуық қызметкерлері қала орталығындағы саябақ пен орталық алаңды қоқыстан тазартып, шөптерін шауып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Арнайы көліктер қоқыстарды қала сыртына шығарды.

«Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың тапсырмасымен сенбілік апта сайын ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат – қаламызды таза әрі көрікте етіп ұстау. Енді бірер күнде қаламызда үлкен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Соның ең маңыздысы – «Қауынфест» фестивалі. Осыған орай қаламыздың негізгі үлкен көшелерінің бойлары күл – қоқыстан тазартылып, арық-атыздарға ағын су жіберілуде. Сондай-ақ, орталық саябақтағы шөптер шабылып, тұрғындар серуендейтін жолдарға асфальт төселуде», - дейді Жетісай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қадырбек Смаилов.

Сондай-ақ, сенбілік қаланың өзге аймақтарында да жалғасын тапқан. Атап айтсақ, Абай, Дайрашов, Байботаев, Әуезов, Амангелді көшелерінде өткен. Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да атсалысты. Алдағы уақытта да бұл шара жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, Жетісай қаласының аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында арнайы көліктер бөлініп, коммуналдық шаруашылық мекемелерінің техникалық мүмкіндіктерін жақсарту жоспарланып отыр.