«Alageum Еlectric» компаниясының шахмат турнирінде жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар табысталды

0
1 299

Кентау, Түркістан қалаларындағы мектеп оқушылары арасында өткен шахмат сайысына 88 жас қатысты


«Alageum Еlectric» компаниясының шахмат турнирінде жеңімпаздарға  қомақты сыйлықтар табысталды

Кентау қаласына Қазақ елінің мақтанышы Жансая Әбдімәліктің алғашқы тренері келді. Әрі, шахматтан Кентау политехникалық колледжінде ұйымдастырылған «Alageum Еlectric» компаниясының жүлдесіне арналған турнирді ашып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау, Түркістан қалаларындағы мектеп оқушылары арасында өткен сайысқа 88 жас қатысты. Турнирді халықаралық гросмейстер (гросмейстер атағын небәрі 13 жасында иеленген, Түркістан облысының тумасы) Жансая Әбдімәліктің алғашқы тренері, әрі атасы Әбдімәлік Аширов ашып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Турнир Швейцария шахмат жүйесі бойынша өткізіліп, әрбір қатысушы 7 рет компьютер бағдарламасы анықтаған қатысушымен шахмат ойнады. Турнирдің женімпазы болып Түркістан қаласы «Астана» спорт мектебінің қатысушысы Розимухамед Жорашев танылды. Ал, екінші орынды аталған мектептің шәкірті Абылай Тастанбек, үшінші орынды Бексұлтан Кенже иеленді. 1, 2, 3 орын иеленген қатысушыларға «Alageum Еlectric» холдинг компаниясының сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар, жоғары ойын көрсеткен қатысушыларға «Alageum Еlectric» компаниясының брендтік сыйлықтары сыйға берілді.